Халықаралық конференция өтті

Өткен аптада Ресей федерациясы ІІМ академия басқармасы Ресей аралық ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция ғаламтор желісі бойынша онлайн тәртібінде өтті. Бұл конференцияға ІІМ Сант-Петербург академиясы, ІІМ Нижегород академиясы, Уральск заң институты, ІІМ Омбы академиясы, Уфим заң институты, Орлов заң институты, Беларусь Республикасы академия басқармасы, ІІМ Краснодар университеті, ІІМ Орлов академиясы, Ростов заң институты және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының педагогика және психология кафедрасы қатысты. Конференция тақырыбы: «Жеке құрамның жедел-қызметтік іс-әрекетін моралды – психологиялық жүйесінде қамтамасыз етуде психологиялық жұмысы: қалпы, мәселесі және шешу жолдары». Конференцияға қатысуды ұйымдастырған педагогика және психология кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Волошина Татьяна Александровна болды.

Ғаламтор желісі бойынша онлайн тәртібінде өткен конференцияға педагогика және психология кафедрасының оқытушылары қызығушылықпен және белсене қатысты. Ғаламтор – конференцияны өткізуде техникалық жабдықтармен оқытудың инновациялық технологиялар және техникалық құрылғылар бөлімі қамтамасыз етті (Пунтус В.).

Конференция барысында ІІО жүйесінде психологтардың кәсіби біліктілігін дамыту, ІІО психологиялық қызметінде полиграфты қолдану, ІІО психологиялық қызмет жұмысында туындайтын мәселелері және тағы басқа өзекті сұрақтар талқыланды.

Кафедрамен өткізіліп отырған бұндай деңгейдегі іс-шара оқытушылардың ғылыми тұрғыдан өсуіне  мүмкіндік туғызатындығын және қажеттілігін көрсетті.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева