«Тұңғыш Президент күні»

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде жас мемлекет бола отырып, әлем мойындаған елдер қатарына қосылды. Тәуелсіздік туын желбіретіп, егеменді ел болды. Дамыған шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, даму жолын таңдады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды (классикалық энциклопедия, 2012 ж).

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің күні, жыл сайынғы аталып өтілетін мейрам.

Аталған мейрам қарсаңында күндізгі оқыту факультетінің 101 оқу тобының курсанттарына кезекті кураторлық сағат уақытында «Тұңғыш Президент күні» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді. Тәрбие сағаты аясында курсанттарға Президент күнінің тарихы туралы баяндама оқылып, Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді. Талантты режиссер Рүстем Әбдірашов Н. Назарбаевтың желісі бойынша түсірген осы фильмінде Елбасының дүниеге келген кезінен бастап азамат болған шағына дейінгі өмірін бейнелеген.

Курсанттар осы фильм арқылы Елбасының өмірбаянымен танысып, армандар мен мақсаттардың орындалатындығына сенім артты.



А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты