Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Қонысбек және Зәмзәгүл Бегайдаровтардың шығармашылық кеші

2017 жылдың 15 қарашасында 311, 312, 313, 314 оқу топтарының курсанттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Л. Толстой атындағы облыстық кітапханада өткізілген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актерлері Қонысбек және Зәмзәгүл Бегайдаровтардың «Өмірдегі театр. Театрдағы өмір» атты шығармашылық кешіне қатысты.

Қонысбек Бегайдаров — театрдың жетекші актері, ол биылғы жылы шығармашылық қызметінің 40 жылдығын атап өтуде. «Көшпенділер» және «Жау жүрек мың бала» фильмдеріндегі рөлдері оның Қазақстанда кең танымалды болуына көмектесті.

Бегайдаровтар жанұясындағы отбасылық дуэт — бұл шығармашылықтың, идеялардың және қиялдың бөлінбес үйлесімі. Олар өздерінің өмірінде орын алған қызықты жағдайларды еске алып, алдағы шығармашылық жоспарлары туралы баяндап берді, сонымен қатар Э. Филиппоның «Цилиндр» комедиясынан үзінді көрсетті, соңынан ағымдағы жылдың 25 қарашасында болатын осы қойылымды тамашалауға шақырды.

Шығармашылық кездесу барысында олардың театрға қатысты көзқарасы туралы, театрдың қазіргі өмірдегі рөлі туралы әңгіме қозғалды. Әртіс жастар аудиториясымен аса шынайылықпен әңгімелесті, Қазақстанның патриоты болуға, өз Отанын мақтан етуге және нағыз қазақстандық болуға шақырды.

Курсанттардың пікірінше кездесу тамаша жылы достық жағдайда өтті, барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді және олардың шығармашылығына деген шынайы қызығушылықты тудырды.

313, 314 оқу тобының кураторы полиция майоры А. Примкулова

Встреча с заслуженными деятелями культуры Республики Казахстан Конысбеком и Замзагуль Бегайдаровыми

 

15 ноября 2017 года курсанты 311, 312, 313, 314 учебных групп в рамках программы «Рухани жаңғыру» приняли участие в творческой встрече «Театр в жизни. Жизнь в театре.» с Заслуженными деятелями культуры РК, актерами Костанайского областного казахского драм.театра им. И. Омарова Конысбеком и Замзагуль Бегайдаровыми в Областной библиотеки им Л. Толстого.

Конысбек Бегайдаров — ведущий актер театра, в этом году он отмечает 40-летие творческой деятельности. Широкую популярность в Казахстане артисту принесла роль в фильмах «Кочевник» и «Жау жүрек мың бала».

 Семейный дуэт семьи Бегайдаровых — это неразделимое сочетание творчества, идеи и фантазии. 30Они поведали об интересных случаях и ситуациях, которые происходили в их жизни, о дальнейших творческих планах, так же продемонстрировали отрывок из комедии Э. Филиппо «Цилиндр», после чего пригласили посетить данный спектакль, который состоится 25 ноября текущего года.

В ходе творческой встрече шла речь об их отношении к театру, о роли театра в современной жизни. Проникновенно артист обратился к молодежной аудитории, призывая быть патриотами Казахстана, гордиться своей Родиной и быть истинными казахстанцами.

Из отзывов курсантов, встреча прошла замечательно в теплой дружеской обстановке, подняла всем настроение и вызвала живой интерес к их творчеству.

Куратор 311, 312 учебных групп майор полиции Байгабулова С.