Шығу сабағы ұйымдастырылды

2017 жылғы 24 қазан күні күндізгі оқыту факультеті 3 курсының 303, 309 оқу топтарымен әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы оқытушысының ұйымдастыруымен Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне шығу сабағы ұйымдастырылды. Курсанттар әкімшілік қамауға алынғандар мен тұрақты тұратын орны мен құжаттары жоқ адамдарға арналған арнайы қабылдағышқа барды.

Сабақ барысында курсанттар, арнайы қабылдағыш жұмысымен,оның қызметін реттейтін нормативтік құжаттарымен, қабылдағышқа түсушілер санатымен, жалпы құжаттамасымен, қабылдағышқа түсушілерге қойылатын талаптармен, қабылдау тәртібімен танысты.

Сонымен қатар әкімшілік қамаудағыларға қатысты талаптармен, ережелермен танысты.

Сабақ өз мақсатына жетті.

Әкімшілік құқық және әкімшілік

қызмет кафедрасының оқытушылары

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат

полиция майоры

А. Сағалиева