Академия қызметкерлерінің жеке автокөліктерінің құжаттары тексерілді

2017 жылғы  21 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының шағын саптық алаңында Академия қызметкерлеріне (офицерлер) тиісті жеке автокөліктердің нормаға сай болуын Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов және жеке құрам инспекциясының аға инспекторы полиция подполковнигі Бақытжан Құрманғалиев тексеріс өткізді.

Арнайы іс шараға  автокөлігі бар 50 ден астам қызметкерлер толықтай қатысты.

Тексеріс барысында  автокөліктердің құжаттары және өрт сөндіру құралы, апаттық жағдайға арналған белгі, дәрі қобдишасының болуы және тағы басқа құжаттар тексерілді.

Аталмыш іс – шараны өткізу Академия қабырғасында жылдағы дәстүрге айналды.

Бұл әрине жеке автокөлігі бар қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жасалып отырған шаралардың бірі.

Тексеріс барысында барлық автокөліктер нормаға сай екені, тек, бір-екі автокөліктің иелеріне кішігірім ескертулер жасалды. Берілген ескертулер алдағы уақытта жойылатынан көлік иелері уәде берді.

Жақсы көлік қашанда жан рахаты екені, егер құжаттары нормаға сай келіп, жол полиция тоқтатқанда артық мәселе тудырмаудың алдын алуға арналған іс шара өз уақытында ұйымдастырылды.

Полиция майоры

Руслан Аужанов