Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!»

2017 жылдың 28 қыркүйегінде тренинг орталығында педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күніне арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!» атты викторина өткізілді. Бұл іс- шараға педагогика және психология кафедрасының оқытушылары және оқу – әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар іс- шараға заң институтының бастығы полиция полковнигі Брылевский А.В. қатысты.
Қатысушылар екі командаға бөлінді «Алғырлар» және «Тапқырлар». Викторина 5 турға бөлінді. Әрбір тур түрлі халықтардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге бағытталды. Тілдерді құрметтеу мен білуге, үйренуге деген ынталарын ояту, мемлекеттік тілді білуге қызығушылықтарын арттыру, халықтардың мәдени мұрасын оқып үйрену арқылы патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді.
Мерекелік іс-шара белсенді және танымдық түрде өтті, тәрбиелік мәні өте зор болды.

28 сентября 2017 года в тренинговом зале на кафедре педагогики и психологии прошла викторина «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!» посвященного Дню языков народов Республики Казахстан. В данном мероприятии приняли участие преподаватели кафедры педагогики и психологии и сотрудники учебно – методического центра. Также мероприятие посетил начальник юридического иститута полковник полиции Брылевский А.В.
Участники были поделены на две команды «Алғырлар» и «Тапқырлар». Викторина включала в себя 5 туров. Каждый из туров предполагал расширение знания о языках, традициях разных национальностей. Воспитание уважения и желания изучать, знать языки, привитие интереса к знанию государственного языка, формирование патриотизма через изучение культурного наследия народа.
Праздничное мероприятие прошло активно, познавательно и имело воспитательный характер.