Тарих тағылымынан бір күн

Маусым айының 30 күні 111-112 оқу топтарының курсанттарымен қалаға шығу ұйымдастырылды. Шығудың негізгі мақсаты Қостанай қаласындағы тарихи өлкетану мұражайына барып Қостанай облысынан шыққан тұлғалардың тарихымен таныстыру.

Аталған іс-шараның мақсаты курсанттардың бойында еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу. Өткенге көз жүгірте отырып, тарихқа құрмет көрсету.

Мұражайда өлкенің тарихы мен осы өлке халқының мәдениетін көрсететін көптеген көрмелер қойылған. «Қостанай облысы тарихы» көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қостанайлықтардың тұрмысына қатысты заттар, олардың тың және тыңайған жерлерді игеруге, өнеркәсіпті дамытуға, қала құрылысы мен абаттандыруына қатысуы көрсетілген.

111-112 оқу топтарының

кураторы

полиция майоры

Абдыкалыков Б.Т.