Жыр жүректің бұлағы

«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» «Южный» кітапханасында ақын Ғайнижамал  Бердалиновамен «Жыр жүректің бұлағы» атты кездесу кеші өтті.  Кітапхана залында шырайлы кештің қонақтары ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің курсанттары мен 204 оқу тобының жетекшісі полиция подполковнигі А. Исмаилова, Қостанай индустриалдық колледжі студенттері және бір топ зиялы қауым өкілдері жиналды.  Жастарымыз Ғайнижамал апаны үлкен қошеметпен қарсы алды. Бұлда бір игілік болар!

Кештің мақсаты, оқырмандарды жергілікті ақынмен кездестіре отырып шығармашылығымен жақынырақ таныстыру, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, қаламгер жазушының өлеңдерін насихаттай отырып, қызығушылықтарын ояту, оқырмандарды сөз өнерін қастерлеуге дағдыландыру, жазушының ерен еңбегін бағалап, үлгі ету. Мемлекет және қоғам қайраткері рух сардары, қызметі, шығармашылыққа бай табыстары жайлы мағлұмат беру. Апаймыздың туындыларын оқып, көрермендерге тарту ету. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болатын.

Кештің шымылдығын ашқан «Ақ дариға» хоры, ақын Ғайнижамал  Бердалинованың  сөзіне жазылған «Немерелеріме» атты әнді ұсынды.

«Барлығымыздың, аға ұрпақтың бүгінгі мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие беру, дербес еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу. Бір шаңырақ астында бірлікте өмір сүру арқылы ғана жетістіктерге жете аламыз», – деді ақын, ұстаз Ғайнижамал Бердалинова. Ол кісі өзінің қаламынан туған «Нұрлы жолға арнау» атты жырын көпшілікке тарту етті.

Жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп жүректен шыққан жалын-жырларымен бөлісті. Ақын өлеңдерінен шабыт алған жастар жыр­дан шашу шашты 1 курс курсанттары: В. Синолицина, Д. Абдуллаева, 2 курс курсанты Е. Жақсынбек.

Жас күйші 1 курс курсанты Ж. Иманбаев  домбырасымен күй күмбірлетті.

Кездесуге келгендер өрнекті жырларға барынша сусындап, поэзия құдіретінің қыр сырына қанықты. Жиналғандар ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіншілік алды. Көптеген сауалдар жолдап оған өздері қанағаттанарлықтай жауап естіді.

Қостанайда белді бұқаралық ақпарат құралдарында абыройлы қызмет етіп, бұл күнде немере, шөберелерінің ортасында еңбегінің зейнетін көріп отырған Ғайнижамал Бердалинованы танымайтын адам кемде-кем. Кезінде «Таза бұлақ» қоғамдық қорын ашып, «Жас қазақ», «Алға» секілді жастар журналының жарық көруіне мұрындық болды. Апамыздың осы еңбегі еленіп, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» және Іскер әйелдер қауымдастығының «Ажар» сыйлықтарына ие болды.

Кеш барысында, ақын Ғайнижамал  Бердалинова туралы жасалған слайдтар тізбегі мерекелік іс-шараның сәнін келтірді.

Кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Жыр жүректің бұлағы» атты кітап көрмесі тамашаланды.

Кеш соңында, Ғайнижамал  Бердалинова ақын­ның ел үшін атқарып жатқан еңбегі ерекше ба­ғаға лайық екенін айтып, келген қонақ­тар­ға әсерлі кеш сыйлағаны үшін алғысын біл­дірді. Кездесу соңында ақын курсанттарға өз қолтаңбасын қалдырып, естелікке суретке түсті.

Келген қонақтар бір-бір ауыз қысқаша лебіздерін білдірді. Академия курсанттары  шоқ гүлдер сыйлап, жылы көңіл-күйде тарасты.

Қазақта саусақпен санарлықтай ғана ақын қыздардың ішінде бірегей, киелі Қостанай өңірінің тумасы қасиетті аналардың жалғасы, поэзия әлемінде, танымал дарынды жерлесіміз – ақын Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызына арналған  «Жыр жүректің бұлағы» атты кездесу  осылай өтті.

                                                 Тілдер кафедрасының оқытушысы

                                              полиция майоры Л. Кинжебаева

  

Центральную городскую библиотеку «Южный» посетила известная костанайская поэтесса Гайнижамал Бердалинова. В библиотеке встреча с писателем — это всегда праздник. А встреча с писателем, чьи книги пользуются популярностью у читателей — это праздник вдвойне, ведь такие впечатления обычно запоминаются на всю жизнь.

На встречу собрались любители поэзии. Атмосфера живого общения с писателем никого не оставила равнодушным.
Поэт – прозаик такой простой и открытый! И очень талантливый! Гайнижамал Бердалинова не только хорошо пишет, но и умело общается с аудиторией. Творчество автора отличается ярким самобытным языком, высоко отмеченным не только среди казахстанского читателя, но и за границей. Встреча прошла в удивительно теплой обстановке. Час пролетел незаметно. А потом были автографы на память. Приобщение к поэзии всегда прекрасно, а соприкосновение с прекрасным всегда велико.

Гайнижамал Бердалинова – человек воинственно неравнодушный к успехам, проблемам, бедам костанайской культуры. Несколько лет назад она стала учредителем областного казахско-русского молодежного литературно-художественного журнала «Алга», который процветает сейчас под эгидой газеты «Костанай таны». Сейчас она – учредитель и директор культурного фонда «Таза булак», миссия которого – оказывать помощь местной литературно-творческой молодёжи. А ещё – поэт, публицист, прозаик, по совместительству добросовестнейшая мама и бабушка.

Встреча с Гайнижамал Бердалиновой принесла всем массу положительных эмоций и стала для многих удивительным и интересным открытием! Мы познакомились с новым талантом земли костанайской.
Встреча прошла, остались самые лучшие чувства.

                                             Куратор 204 учебного взвода

подполковник полиции Исмаилова А.