Топ жетекшісімен бірге өткізілген наурыз мейрамы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-курс, 103-топ курсанттары еліміздің жанжақты облыстарынан келген. 103-топ тыңдаушылары қатарында дарынды және өнерлі курсанттар көп. Олар өздерінің оқуға, үлкен мен кішіге деген көз қарастары түзу курсанттар. Топтың курсанттары академияның қоғамдың іс-шараларына белсене қатысатын, өздерінің ерекше іс-шараларды өткізу ұсыныстарымен ерекшеленетін топ деп айтсам қателеспеймін. 2017 жылдың Наурыз мейрамын қарсы алу мақсатында, топпен наурыз мейрамын дастархан жайып қарсы алдық. Яғни, курсанттық өмірден, оқу мен нарядттан бір уақытқа ұмытып, наурыз мейрамын өткізген болатынбыз.

Академияға түскен әрбір курсант бірінші оқу жылының өту барысында үйінен аңсайтын тағам екенін білеміз. Сондықтан 22-ші наурыз күні топ курсанттарының сағынышын бір мезетке басты.

Топ қыздары ұлдарға қолдарынан пісірген тағамдарын қойып олардың оқуды бір шама ұмытуларына септігін тигізді десек қателеспейміз.

Психологтардың өздері жатаханада жатып оқитын курсанттар мен әскери қызметкерлер кемінде айына біррет оқу және қызметтен демалу керек деп айтады. Себебі, жатып оқитын курсанттар мен әскери қызметкерлерге келіп түсітін жан-жақты ауырпалықтар және мидың тынығу мүмкіндігінің болмауы өз-өзіне қол жұмсау себебін туғызады деп атқан.

Әрине, бұл ойдың жаны бар екені белгілі және топтың бірлесіп дастархан жайып отыру іс-шарасы әрбір курсанттың жүрегінде тұрған ойларын ашуға, олардың бір дастарханда отырғанның өзі тәрбиелік мағынадағы ықпалдың бірі болып табылатыны сөзсіз.

103-топ жетекшісі: Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Кайнар Ерболат Ержанұлы