МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ХАНЫМДАР!

2017 жылдың 8 наурызында 101 оқу тобының курсанттары мен кураторы, полиция капитаны К.Ташенов Халықаралық әйелдер күнімен топтың қыз балаларына дастархан жайып, өздерінің құттықтау сөздерімен тілек білдіріп келесі өлен шумақтарын арнады:

8 Наурыз 2017 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар арман!

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

  

101 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

К. Ташенов

 

101 оқу тобының курсанты

Ерлан Абдимов