ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Бүгінде академия қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру мақсатында қазақ тілі сабағына барып жүр. Оларға қазақ тілін белгілі ұстаз, білікті маман Айткүл Масақбайқызы жүргізеді. Йә, мамандық пен кәсіптің түрі көп. Бәрі де керек. Барлығы да өзіндік маңызға ие. Алайда соның ішінде ұстаздың еңбегі ерекше қадірлі. Сондықтан да барша адамзат баласы ұстазды зор құрмет тұтады, оның ісін айрықша бағалайды.

Осының бір жарқын үлгісін академия басшылығы танытты. Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасов, Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында, тамаша педагог Айткүл Масақбайқызын басшылық құрамның атынан арнайы құттықтап, картина мен көктемнің нышаны — қызғалдақ гүлін сыйға тартты.

 

Ұстазға қазіргі атқарып жүрген қызметінде шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да қызметкерлердің қазақ тіліне деген қызығушылықтарын оятып, білімдерін шыңдай беруіне тілектестік білдірді.

 

 

Құрбанәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл

бөлімшесінің бастығы