Қарабалық ауданындағы кәсіби бағдар беру жұмысы

Адам өмірде екі нәрсені дұрыс таңдауы керек. Оның бірі өмірлік серік болар жар болса, ал екіншісі мамандық. Өзінің болашағын шешіп, қайда оқып, қандай білім алып, қайда жұмыс істейтінін таңдайтын сәт туады. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

01_12_1

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілек тілей отырып, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру мақсатында 2017 жылдың 27 ақпанында мен Қарабалық ауданындағы № 1, 2, 3 орта мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы дәрісбаян өткіздім.

01_12_2

Oқушылaрға кәcіби бaғдaр беру жұмыcын өткізу бaрыcындa академияның тарихы, дайындалатын мамандықтар, академия жетістіктері жайлы мәліметтер берілді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, oқу oрнының тұрмыc тіршілігі, oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр жaйлы aқпaрaт берілді. Оқушылар тарапынан қызықтыратын түрлі сұрақтар қойылып және оларға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

01_12_3

01_12_4

01_12_5

Жалпы айтқанда кәсіби бағдар беру жұмысына байланысты іссапар ойдағыдай өтті.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева