Академиядағы спектакль туралы ой-толғау немесе «Әке жолы» қойылымы

Театр – бұл қоғамдағы болып жатқан жайттарды сахнаға шығаратын, көрермендерге салмақты ой салатын мәдениетті ошақ. Қойылған қойылымды, ойнаған рөлін сәтті орындаған әртіс халықтың көңілінен шығатыны баршамызға аян. Кейде жағымды рөлді ойнап, халықтың арасына тез танылатын әртістен гөрі, жағымсыз рөлді сомдап көрерменнің сөзіне қалатын әртіс ол нағыз сахнаның хас шебері деуге болады. Өйткені ол сол рөлі арқылы жағымсыз кейіп қалдырады, бірақ уақыт өте өзінің жоғары бағасын алып,  халықтың ыстық ықыласына бөленері шексіз.

Канадалық театр және кино режиссері Робер Лепаж өзінің мол тәжірибесінің арқасында театрға келушілерге «адам бүгін театрға  ертең адам болып қалу үшін барады» — деп, үлкен баға берген екен.

Осы бір қанатты сөзді қазір Академияны басқарып отырған білікті басшы, шебер ұйымдастырушы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов өмірлік ұраны ретінде үнемі қолданып жүреді. Академия деп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын сөз етіп отырмын.

Мирлан Қызылов әрдайым өзі басқарып отырған қызметкерлерге және курсанттарға басшы болып театрға баруды қалыпты дәстүрге айналдырған.

Жалпы академияның ұжымы облыс орталығында орналасқан облыстық І. Омаров атындағы қазақ драма театрына және орыс   драма театрына, Е. Өмірзақов атындағы филармонияға және басқа да мәдениетті орындарға бас сұғуды ешқашан ұмыт қалдырмайды.

Ал бүгінгі қалам тербеуіме себеп болып отырған ол Академияның акт залында көпшілікке ұсынылып, көрсетілген электронды спекталь.

Аталмыш сахналық қойылым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласы ІІД қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Әке жолы» атты спектакль болатын. Бұл қойылымды академия ұжымы курсанттармен бірге отырып көрді. Қойылымның ерекшелігі Академия сахнасында әртістер келіп  ойнаған жоқ, тек олардың сахналық өнерін экран арқылы тамашалады.

Енді көрсетілген спектакльдің қысқаша мазмұнына тоқтала кеткенді жөн көрдім.

Спектакльдің негізіне ішкі істер органдары қызметкерлері Әділ (әкесі) мен Қайсардың (баласы) жасаған ерлік әрекеттері енгізілген.

Жас жігіт Әділ Ауғанстанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында қызмет атқару кезінде жарақат алған.

Демобилизациядан кейін Ішкі істер органдарына қызметке орналасады. Келіп түскен шұғыл шақырту бойынша жедел топқа басшылық жасап шығып, қылмыскерді ұстау барысында бас кейіпкер қылмыскердің қолынан қаза табады.

Әділдің ұлы Қайсар анасының қарсы болуына қарамастан, қарсы болуына қарамастан, әкесінің жолын жалғастырады.

Қайсар ІІО бөліністерінің бірінде қызмет атқару кезінде ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында, өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті рецидивистердің қылмыстық әрекеттерінің алдын алып, бас бостандығынан айыру орындарынан қашып кеткен, бұрын әкесін өлтірген ұйымдасқан топ жетекшісін қолға түсіреді.

Ерлік пен батылдық танытқаны үшін Қайсар мемлекеттік наградаға ұсынылады.

Міне, осындай мазмұнда сомдалған спектакль көрерменнің жүрегінен жақын орын ала білді.

Бойында кәсіби әртістік өнері болмаса да әкенің рөлін сомдаған полиция аға лейтенанты Ж. Өтегенов, баланың образын аша білген полиция аға лейтенанты Ж. Болатбек сахна төрін өзіне бағындыра білді.Бұлардың өнеріне тәнті болған академиялықтар ду қол шапалақтап қошемет көрсетті.

Аталмыш қойылымды өмірге әкелген, идея авторы Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры А.А. Әубәкіров генералға тән ерлік жасай білді.

Керемет қойылымды экраннан тамашалаған академиялықтар спектальге оң бағасын беріп, ендігі уақытта әртістерді шынайы көріп, гүл шоқтарын бергісі келгендерін де жасырмай, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Осы қойылымнан кейін бізге де «адамның жасағанын адам жасайды» демекші біздің де академиялық курсанттар неге осындай спектальді өмірге әкелмеске деген жақсы ой түйдік. Ол әрине болашақтың еншісіне қалдырылған бұйымтайымыз еді.

Мейрам Оспанов

23_01_1 23_01_2 23_01_3 23_01_4 23_01_5