“Қызыл алма”

17_01_1

 2017 жылдың 17 қаңтары күні  Е.Өмірзақов атындағы облыстық қазақ драма театрында  өзбек драматургы Еркін Қушуақовтың «Қызыл алма»  атты қойылымы көрсетілді.

Бұл қойылымда, ауыл қызының тұрмыс құрар кездегі алғашқы ұлттық салт дәстүрді сақтап, өзінің болашақ тағдырын шешудегі әрекетін суреттейтін «комедиялық жанр» суреттелген. Қойылым өзінің күлкілі оқиғасымен көрермендерге қызықты және  тәрбиелік  маңызымен әр адамға ой салды.

Сүйікті немересін сыннан сүрінбеген жігітке ғана ұзатпақ  болған мейірбан әженің қояр талаптары  ерекше. Себебі қыздың көзі соқыр, құлағы керең, аяғы ақсақ. Осы бір жарымжан бойжеткенді жар етемін деген жігіттің байынан асыл қасиеттерді іздеген әже, көп ұзамай көңіліндегі ғажайып жанды табады.

Мінекей, осындай керемет рөлдерді актерлар өмірде кездесетін жайттарды, әзіл шыны аралас  қойылымды  көрерменге жеткіе сомдай білді. Осы қойылымнан кейін,  “Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу ” – дейтін мақалдың растығына қойылым кезінде тағы да көз жеткізуге тура келді.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан

17_01_2

17_01_3

17_01_4

17_01_5

17_01_6