Академияда курсанттарды дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті


Кеше ғана буындары әлі қата қоймаған жас бозбалалар алашқа аты машһүр Академияның табалдырығын аттаған еді. Енді міне, арада 4 жыл да зулай өте шығып, жоғары оқу орнын аяқтағалы тұр. Кешегі бозбалалар үшін бүгінгі өздері таңдаған маман иесі атануға санаулы күндер ғана қалды. Ауыры мен жеңілі, қорқынышы мен қызығы бірге жүретін ішкі істер органдарының қызметі олар үшін кешегі армандаған армандары еді. Ал бүгін сол арманға біртабан қол жеткізгендей қуанышты сезіммен дербес бөлу комиссиясының отырысына келді.


Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында биылғы жылы оқу бітіретін түлектерді дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі істер департаментінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, ҚР ІІМ кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары және Академия басшылығы сонымен қатар 4 курс курсанттары қатысты.
Ресми жиынды Академияның бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов ашып, барлық жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Биыл Академияны 201 курсант тәмәмдағалы отыр. Оның ішінде Тәжікстан және Қырғызстан Республикасынан келген азаматтар бар.

Осы 201 курсанттың ішінен 15 курсант үздік диплом иесіне үміткер.
Жиында кейбір курсанттар сұрақтар қойып, шешімін таппай жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.
Жалпы жылдағы дәстүрмен ұйымдастырылатын дербес бөлу комиссиясының отырысы жақсы деңгейде өтті.