Полиция қызметкері – Қазақстан патриоты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылдың 15 желтоқсанында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы «Правовед» ғылыми үйірмесінің мүшелерінің және ІІО тәжірибелік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, өткізді. Ісшараның негігі мақсаты – Тәуелсіз еліміздің құрылуы мен дамуындағы ҚР Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін, сонымен қатар әр адамның тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлін курсанттарға жеткізу.

20_07_1

Курсанттардың алдында ғылыми-педагогикалық магистратураның 2 курс магистранттары: полиция майоры Бейсен К.П., әділет капитаны Токжанов Е.Н., әділет майоры Турымов А.Р., әділет аға лейтенанты Мурат А., және полиция аға лейтенанты Жумашев М.А. сөз сөйледі.

20_07_2

Кездесу барысында Тәуелсіз еліміздің құрылуындағы тарихи аспектілері, мемлекетіміздің дамуындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі, республикада құқықтық тәртіпті, тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудағы ІІО әрбір қызметкерлерінің рөлі талқыланды.  Сонымен қатар, оқуды аяқтаған жас қызметкерлер кездестіретін өзекті және мәселелі сұрақтар талқыға алынды. Әрқашан ішкі істер органдарының қызметкеріне ерекше талаптар қойылады. Ол кәсіби даярланған, төзімді, көмекке кез келген уақытта келуге дайын болуы, әрдайым Заң мен Тәртіпті сақтауы қажет.

20_07_3

Курсанттар жоғарыда аталған тақырыптағы талқылауда белсенді қатысты. Тәжірибелері мол қонақтар курсанттарды қызықтыратын сұрақтардың барлығына да жауап берді.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасы бастығының орынбасары Кажикова Г.Н.

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасының оқутышысы Қожахмет Ә.С.