«Туған тілдің тұғыры» ән-жыр кеші

24 қараша күні мемлекеттік тіл бөлімшесі мен тәрбие жұмысы бөлімінің бастамасымен академияда «Туған тілдің тұғыры» атты ән-жыр кеші өтті. Кештің ұйымдастырушылары әрі жүргізушілері 2-3 курстың өнерлі курсанттары, ал көрермендері күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанттары болды.

Ән-жыр кешінің ашылуында, мемлекеттік тіл бөлімшесінің бастығы Құрманәлі Елмұратов сөз сөйлеп, өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызына, мемлекеттік тілдің алатын орнына тоқталды.

Кешті 3-курс курсанттары: Тельман Гүлжанат пен Жақсыбай Мұқағали жүргізді. Кеш барысында тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Тимур Тулубаев пен Әйгерім Дүйсенбаева «Ананың тілі» әнін, Сапарбекова Айзада «Көк тудың желбірегені» әнін және Шахбазова Аида мен Андрейчук Ольга «Алтын бесік» әнін шырқады, ал Тұрсынбай Думанжан өзінің «Тіл деген – бұл..» өлеңін, Мұқанбердияр Тұяқ М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін, Есембек Мұқағали М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін, Жақсымбет Ернұр О.Асқардың «Үйрен ана тіліңді» өлеңін оқыды.

Ана тіліне арналған әсем әндер әуелетілген және арынды жырлар оқылған мемлекеттік тіл күні аясындағы кеш «Жаса, қазақ тілім» әнімен салтанатты түрде жабылды.

Құрманәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің

бастығы

 

25_03_1 25_03_2 25_03_3 25_03_4 25_03_5 25_03_6 25_03_7 25_03_8 25_03_9 25_03_10