Тәуелсіз Қазақстан пойызы біздің қалада. 15.11.2016 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай арнайы Астана қаласынан 7-ші қараша күні бастау алған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» Қостанай қаласына келуіне байланысты, қараша айының 13 күні Елубай Өмірзақов атындағы филармонияда концерттік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары да қатысты. Аталмыш іс-шараға қоғам қайраткерлері және делегаттар, облыс басшылары қатысты. Концертте керемет қойылымдар қойылып, ән мен жырдан шашу шашылып, көтеріңкі көңіл күйдегі нотамен аяқталды. 2 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан