Кәсіби бағдар беру жұмысы

2016 жылғы қазан айының 23-27 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы магистратурасының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Г. Едресова кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында Астана және Көкшетау қалаларына сапарға шықты.

Кәсіби бағдар жұмысына магистратура аға оқытушы әдіскері полиция майоры Г. Едресова Астана қаласының Ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция майоры С.М. Бекмухамедова, Астана қ. Алматы аудандық ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш. Қонақбаевпен бірлесіп Астана қаласының жалпы білім беретін мектеп-гимназияларының 10,11 сынып оқушыларына және Көкшетау қаласының ІІД Кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция майоры Садыков Ғ.А., Ақмола облысының ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы Исмаилов Ж.К., Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/11 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Мусабаева Э.О., пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Бисембаева А.Ж. жалпы білім беретін орта мектептердің 10,11 сынып оқушыларымен, Красный Яр ауылындағы политехникалық колледж студенттерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына кадрларды даярлайтын бірден бір таңдаулы оқу орны екенін айтылып, Академияда құқық қолдану практикасының барлық саласына, құқық қорғау жүйесінің білікті мамандарға сұранысына сәйкес мамандарды даярлайтыны жөнінде және оқуға түсу талаптары мен ІІО қызмет ету барысы туралы түсіндіріліп, кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді. Онда ІІМ арнайы әскери оқу орнында оқу артықшылықтары мен жұмыспен қамтылуы, ІІО қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер жайлы сөз қозғалып, Академия туралы түсірілген бейне фильмдер назарларына ұсынылды. Насихаттау барысында оқушылардың біздің оқу орнымызға деген қызығушылығы артып, құжаттарды рәсімдеу барысы туралы сұрақтар қойды.

Оқушылар мен студенттер Қостанай қаласына деген сүйспеншіліктерін айтып, оқып жүрген Академия курсанттарына  қатты қызығатынын және Қостанай академиясына оқуға түсуге бел байлап, дайындалатындары жөнінде айтты.

Кәсіби бағдар жұмысына 10,11 сынып оқушылары және колледж студенттерін қосқанда мыңға жуық адам тартылды.

04_01_1 04_01_8 04_01_7 04_01_6 04_01_5 04_01_4

04_01_3

04_01_2

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры  Г. Едресова