«Білім — инемен құдық қазғандай»

31_01_1

2016 жылғы 27 мамыр күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курс курсантары арасында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының курсанттар ғылыми-зерттеу жұмысының 2015-2016 оқу жылы жоспарына сәйкес, ҚР қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы пәндері бойынша «Алғырлар» викторинасы өткізілді.

31_01_2

Сайыс  3 кезеңнен тұрды: 1. Сұрақ-жауап кезеңі — Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық сипаттағы тесттік сұрақтарынан құрылды; 2. Құқықтық біліктілік дағдысы — Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар болды; 3. Әділқазылар алқасы тарапынан қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы пәндері бойынша жалпылама сұрақтар қоюдан тұрды.

31_01_3

Викторинаның қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:

1 орын — 203 оқу тобы;

2 орын — 204 оқу тобы;

3 орын — 201 оқу тобы.

Әділқазылар алқасы жүлделі орын алғандарды құттықтап, марапаттады. Барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, білім алу үрдісіне сәттілік тіледі.

31_01_4

 

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны  Р. Калиярова