«Көктемгі жұп» сұлулық пен романтика сайысы
(Конкурс красоты и романтики «Весенний дуэт»)

Облыстық ХХІІ «Студенттік көктем — 2016» фестивалінің шеңберінде 2016 жылғы 14 мамырда облыстың барлық жоғары оқу орындары үшін маңызды сайыс – «Көктемгі жұп» сайысы өтеді. Осы керемет және әсерлі шоу «Мирас» мәдениет үйі залында өтеді.

Сайысқа Қостанай қаласының мәдениет және өнер қайраткерлері: «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ОФ директоры Динара Утебаева, «Design mode Kostanay» сән агенттігінің директоры Марина Михайленко, «Алау» телерадиокомпаниясының авторлық бағдарламаларының жүргізушісі Дарья Легкая, «Жас Отан» жастар қанатының орындаушы хатшысы Ерлан Тулетаев, фотосуретші Иван Мармалиди шақырылды. Сайыстың құрметті қонағы Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов болады.

«Көктемгі жұп» сайысы ең жарасымды, сәнді және ең романтикалық жұпты анықтайды. Осы сайыстың жеңімпазы атану үшін жұптар өздерінің жасампаздығын, әзілқойлығын, баурап алу қасиеті мен актерлік шеберлігін көрсетіп, сонымен қатар әр түрлі сыннан мүдірмей өтулері керек. Сайыстың ашылу және жабылу салтанаты таңғажайып әлемге бөлеп, ерекше форматта өтеді.

«Мирас» мәдениет үйінде 14 мамырда сағат 14.00-де өтетін «Көктемгі жұп» шоуы бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмайды. Сайыстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы болып табылады.

 

Авторы:

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының Әйелдер кеңесі


14 мая 2016 года в рамках XXII областного фестиваля «СТУДЕНЧЕСКАЯ ВЕСНА — 2016» состоится долгожданное для всех ВУЗов области событие – конкурс «Весенний дуэт». Это яркое и красочное шоу пройдет в зале ДК «Мирас».

На конкурс приглашены известные деятели культуры и искусства г. Костанай: директор ОФ «Гражданский Альянс Костанайской области «ГрИн» Динара Утебаева, директор модельного агентства «Design mode Kostanay» Марина Михайленко, ведущая авторских программ телерадиокомпании «АЛАУ» Дарья Легкая, исполнительный секретарь молодежного крыла «Жас Отан» Ерлан Тулетаев, фотохудожник Иван Мармалиди. Почетным гостем конкурса станет аким Костанайской области Архимед Мухамбетов.

Конкурс «Весенний дуэт» определит самую красивую, романтичную и самую весеннюю пару. Чтобы стать победителями, конкурсантам нужно будет проявить креативность, чувство юмора, обаятельность, актерское мастерство и оригинальность в различных испытаниях. Фееричным и ярким обещает быть открытие и закрытие конкурса, которые пройдут в необычном формате.

Шоу «Весенний дуэт», которое состоится 14 мая в зале ДК «Мирас» в 14.00 часов, не оставит равнодушным ни одного зрителя, пришедшего на него. Организаторами конкурса является Костанайская академия Министерства Внутренних дел Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева.

 

Автор:

Женский совет Костанайской академии

МВД РК имени Шракбека Кабылбаева