Академияда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңына орай, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов ардагерлерді, профессорлық — оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және курсанттарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, оқу ордасының басшылығын, профессорлық-оқытушылар құрамымен қызметкерлерді Ардагерлер және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының төрағасы Ербол Абдрахманов құттықтады.

Іс-шара барысында полиция полковнигі Мирлан Қызылов қызметкерлерді адал еңбектерімен қызметте көрсеткен жетістіктері үшін, Ішкі істер министрінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медалімен, құрмет грамотасымен, алғысымен марапаттады. Сонымен қатар академия бастығының бұйрығымен бірқатар қызметкерлер грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды.

Осы қуанышты мерекелі күн қызметкерлермен курсанттардың концерттік ән-жырларымен жалғасын тапты. Мерекелік концертте оқу ордасында білім нәрін алып жатқан Қырғызстан, Тәжікстан республикаларының курсанттары туған тілдерінде өлеңдерін шырқап, аспаптарында ойнап, билерін биледі.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы, композитор Қалибек Дерипсалдиннің жетекшілік етуімен курсанттардан құрылған домбыра тобында күйлер орындалды. Мың бұралған бишілеріміз билерін билеп, әншілеріміз әндерін шырқады.

Ұлттық мерекеміз –Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!

 

Орынбасар Уақпаева
баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы