“Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы…”

2019 жылдың 25 мамырында 2-курс 208-оқу тобында 2019 жылы 9 маусымда өткізілетін Қазақстан Республикасының Перезидентінің кезектен тыс сайлауы туралы кураторлық сағат аясында талқыға салынды.

Кезектен тыс Президент сайлауы елдегі экономикалық әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін қажет. Елдің болашағы жолында нақты шешімдер қабылдануы керек. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымына белгіленді. Әлеуметтік салада ауқымды реформалар басталды.

208-топ курсанттары кезектен тыс сайлауды ауқымды дәрежеде талқылап, ел ертеңінде қандай өзгерістердің туындауы мүмкіндігін қызу қарастырды.Топ курсанттары сайлаудың әділ өтетіндігіне сенеді. Ел ертеңі үшін алдағы саяси науқанға бей-жай қарамайды. Өйткені курсанттар елде бейбітшілік пен тыныштық болғанын және әділдіктің салтанат құрғанын қалайды.
Академия курсанттары мен офицерлері үшін дауыс беру Физика-математикалық лицейде өткізіледі.

208 топ кураторы
полиция майоры
Арстанбаева Б.Б.