«100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кітапханасының кітап қоры «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында шыққан 30 атаулы 420 дана қазақ тіліндегі әлемдік жаңа оқулықтармен толықты.
Академия кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «100 жаңа оқулық» атауымен курсанттар, магистранттар мен қызметкерлер үшін кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Көрмеде жаңа  топтамадағы: азаматтық іс жүргізу құқығы, келісімшарт құқығы, интеллектуалдық меншік құқығы, зерттеу жобасын жүргізу, әлемдік саясат, саясат философиясы, этика, эстетика, макроэкономика, микроэкономика, жеке қаражат, статистика негіздері,  білім беру ісіне зерттеу, тарихи білім тарихы, тарихи этнология, тарихи антропология, медиа кинотану, театртану, әлем музыкасының тарихы салаларындағы әлемдік туындылар орын алды.
Аталған оқулықтар – дүниежүзінің маңдайалды университеттерінің оқу бағдарламаларына кірген, әлемге танымал ғалымдардың миллиондаған данамен таралған кітаптары.
Осындай дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде біздің курсанттардың білім алуларына бар мүмкіншілік жасалып отыр.

Жалпы кітапхана