Өз ісіне шебер ішкі істер органдарының қызметкерімен кездесу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушылары өз қызметтерін қашықтан жалғастыруда.
Тәжірибелік қызметкерді сабаққа қатыстырудың негізгі мақсаты теориялық білім алып жатқан курсанттарға тәжірибелік бағыт-бағдар беру болып табылады. Осы мақсатта 17 ақпанда «Әкімшілік-құқықтық» мамандануы бойынша білім алып жатқан 3-курс, 30-оқу тобының курсанттарымен «ІІО құқық бұзушылықтын алдын алу» пәнінен өткен сабаққа тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Бейсен Қаныбек Пернеханұлы курсанттармен өзінің тәжірибелік білімін бөлісіп, қызметтегі тікелей міндеттемелермен таныстырды. Жалпы әкімшілік полицияның құрылымын, негізгі бағыттарының ерекшеліктерін атап өтті. Қазіргі таңда тәжірибеде жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарды, қылмыстарды, жалпы қызметте туындайтын мәселелерді нақтылап түсіндірді.
Курсанттар мен тәжірибелік қызметкер арасында өзекті сұхбат жүргізілді. Білім алушылар болашақ мамандықтары бойынша пайдалы ақпарат алды. Кәсіби деңгейі жоғары қызметкер болу үшін міндетті түрде білім, отандық патриотизм және адалдық қасиеттер қажет. Кездесу сонында тәжірибелік қызметкер курсанттарға оқу барысында сәттілік, сабырлық, төзімділік, мықты денсаулық тіледі.

ІІО ӘҚ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция майоры
Д. Қалқаманұлы