Қымбатты түлектер! Құрметті ата-аналар мен әріптестер!

Министрлік басшылығының атынан және өз атымнан Сіздерді жоғары оқу орнын табысты аяқтауларыңызбен құттықтаймын.
Ішкі істер органдарындағы қызмет өз қиындығымен ерекше. Бұл қызмет сынаққа толы, әрі сонысымен қызықты және күрделі. ІІМ-нің жоғары оқу орнының қабырғасында алған терең теориялық білім, негізгі кәсіби дайындық және моральдық-психологиялық шыңдалу сіздердің одан әрі дамуыңызға және өз орныңызды айқындау үшін берік негіз болатынына кәміл сенімдімін!
Сіздердің қол жеткізген табыстарыңыз біз үшін – үлкен қуаныш. Үздік түлектердің жетістіктері – біздің мақтанышымыз.
Бүгінгі күн полицияның жас лейтенанттары, олардың ата-аналары мен жақындары үшін ғана емес, ІІМ-нің жоғары оқу орындарының барлық жеке құрамы үшін де айрықша күн.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырып, ІІМ жоғары оқу орнының түлегі абыройлы атағын жоғары ұстап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға және елімізде құқықтық тәртіпті нығайтуға лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін.
ІІМ ведомстволық оқу орындарының басшылығына, профессорлық- оқытушылық құрамға кәсібилігі, әрбір курсантқа жеке көзқарасы үшін, жас ұрпақты патриоттық және кәсіби-адамгершілік тұрғыда тәрбиелегені үшін алғыс айтамын.
Құрметті түлектер! Ішкі істер органдарында қызметті жалғастыра отырып, Сіздер Отанымыз –Қазақстан Республикасының игілігі үшін абыроймен және адалдықпен қызмет ететіндеріңізге сенім білдіремін.
Түлектерге, ата-аналарға және барлық жеке құрамға денсаулық пен табыс тілеймін. Алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз Сіздерге ең жоғары кәсіби және өмірлік шыңдарды бағындыруға көмектеседі деп сенемін.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаев

 

Дорогие выпускники!
Уважаемые родители и коллеги!

От имени руководства Министерства и от себя лично поздравляю Вас с успешным окончанием высшего учебного заведения.
Служба в органах внутренних дел никогда не была легкой. И у вас она будет полна испытаний, но в тоже время интересна и содержательна. Я уверен, что глубокие теоретические знания, основательная профессиональная подготовка и морально-психологическая закалка, полученные в стенах высшего учебного заведения МВД, станут прочной основой для вашего дальнейшего развития и самореализации!
Мы будем очень рады услышать о ваших успехах. Достижения выпускников всегда являются предметом нашей гордости.
Сегодня волнующий день не только для молодых лейтенантов полиции, их родителей и близких, но и всего личного состава ВУЗов МВД.
Уверен, что вы, пополнив ряды сотрудников органов внутренних дел, внесете достойный вклад в защиту конституционных прав и свобод граждан от противоправных посягательств и укрепление правопорядка в стране и с достоинством и честью будете служить во благо нашей Родины-Республики Казахстан.
Хочу поблагодарить руководство ведомственных учебных заведений МВД, профессорско-преподавательский состав  за профессионализм, персональный подход к каждому курсанту, за патриотическое и профессионально-нравственное  воспитание молодого поколения.
Желаю выпускникам,  родителям и всему личному составу здоровья и успехов. Пусть приобретенные знания и навыки помогут вам покорить самые высокие профессиональные и жизненные вершины.

С уважением,

Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Генерал-лейтенант полиции Е.Тургумбаев