Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы Қостанай академиясына келді.

Сапары аясында қонаққа ҚАЖ мекемесіндегі нақты жедел-қызметтік жағдайды модульдеуге мүмкіндік беретін кешенді оқу полигоны, пенитенциарлық жүйеде пробация қызметінің мамандарын даярлау, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған орталықтар көрсетілді.

Кездесу соңында Академия бастығы Н. Биекенов білім ордасының мерейтойына орай Еркін Аманжолұлын «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгісімен марапаттады.

Айта кету керек, 1993 жылдан 2009 жылдары аралығында отставкадағы әділет подполковнигі Еркін Әбіл Қостанай академиясында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің күндізгі оқыту факультеті бастығының қызметін атқарған.

ІжСКб инспекторы Перизат ЖҰМАБЕК