Шамнан шырақ жағылар…

«Білім инемен құдық қазғандай» демекші 2- курс жеке құрамы білім деңгейі бойынша 1 ай есептік көрсеткіштің нәтижесінде курстар арасынан топ жарып шықты. Әр айдың соңында жүргізілетін білім деңгейі курсанттардың оқу процесін жоғарылатып, рейтингтің жоғары болуын қамтамасыз етіп отырады. Тәртіп сақшылары үнемі ерекше тәртібімен,  алғыр білімімен көзге түсуі шарт. Халық алдындағы борыш тек қана адал қызметпен ғана шектелмейді. Қараша айының білім деңгейі бойынша айлық көрсеткіші:

«құқық қорғау органы» мамандығы бойынша 1 орын
«педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 орын
«әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 1 орын

Бұл жетістікке  курс басшылығы мен жеке құрамның бірлесе жасаған жұмысының арқасында қол жеткіздік  деп айтуға болады. Келер жылы одан да үлкен шыңдарды бағындырып, алар асуымыздың одан да көп боларына сенімдіміз.

2 — курс курсанты
полиция қатарындағы
А.Бакбаева