Хейвуд Эндрю Саясаттану.-Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 520 бет.

Саяси ғылымға кіріспе бойынша үздік оқулық саналатын Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» «саясат» ұғымы мен құбылысы туралы түсінік және саясаттану жөніндегі қарама-қайшы көзқарастарға сипаттама береді. Автор саяси идеяларды негізгі идеологиялар тұрғысынан қарастыра отырып, мемлекеттің саясаттағы рөліне, легитимдіктің маңызына, мемлекеттің басқару жүйелеріне, ұлтшылдықтың негізгі теорияларына тоқталады. Саясаттағы өзара байланыс – саясат пен экономика, мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа; сондай-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен процестеріне, ішкі және халықаралық саясаттың түйісуі және жаһандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. XXI ғасырдағы әлемдік саяси тәртіптің өзгеруі, жаһандық басқару және оның тиімділігі, дәстүрлі саясаттың кемшіліктері баяндалады.