Тәжікстан Республикасы Конституциясы күніне арналған тәжік халқының ұлттық күресінен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының ашық біріншілігі

Ағымдағы жылдың 8-9 қарашасы аралығында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорткешенінде Тәжікстан Республикасы Конституциясы күніне арналған тәжік халқының ұлттық күресінен ашық біріншілік өткізілді.
Аталған іс-шараның құрметті қонақтары Қостанай облысының «ШАРҚ» этно-мәдени орталығының төрағасы Холметов Эргашбай Эрматович, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, ҚМПУ құрметті профессоры, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сарсенбаев Олжабай Қажғалиұлы болды.
Іс-шараның салтанатты ашылуында екі елдің ән-ұраны шырқалды. Ашылу рәсімінде Холметов Эргашбай Эрматович барлығын мереке күнімен құттықтап, Тәжікстан Республикасы Конституциясы күні туралы айтып, Қазақстан және Тәжікстан Республикалары арасындағы достықты нығайтуға үлесін қосып жүргені үшін Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекеновке ризашылығын білдіріп, «Соманион» тәжік мәдени және қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының президенті С.М Шарифовтің алғыс хатын тарту етті. Сонымен қатар іс-шара барысында оқу ордамыздың күндізгі және сырттай оқыту факультеті курсанттары ән шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңында жеңімпаздарымыз, дәлірек айтқанда, Абу Бейбарыс, Жумабеков Нуржан,  Мұздыбек Сұлтан, Қорғаш Теміржан, Смаканов Ержан, Амалбек Алмаз, Турсын Ерсін, Сейдірахманулы Жумахан, Утелбаев Ахмет, Жармаганбетов Бахтияр, Ерқанат Серік 1 — орынды иеленді.

2 — орынды Тортаев Жандос, Айбек Жайлау, Сарымсақов Темірлан, Өсербай Құлмахан, Майылхан Ернур, Миллионов Ернур, Сейтмаханбет Рахат, Қурбанбай Талғат, Таңатаров Маулен, Еркасымов Нұрдаулет, Борамбаев Аділет иеленді.
3 — орынды Алигентов Темірхан, Карим Менірбек, Баймұханов Дархан, Абаканов Сағдат, Сейлхан Ардақ, Сәрсенәлі Рүстем, Олжабай Бекзат, Пернебай Әділет, Абдурахмонов Маруфджон, Серали Нурболат, Жарқынбек Бақдаулет, Білім Алібек, Аленов Ерасыл, Хасанов Амир, Галимов Ансарбек, Утаров Али, Абитов Темірлан иеленді.
Сондай-ақ ерлік-жігері үшін  бастапқы арнайы даярлық курсының тағылымдамашысы Амалбек Алмаз, үздік техниканы көрсеткені үшін 4 курс курсанты Мұздыбек Сұлтан, лақтыру әдісін үздік орындағаны үшін 3 курса курсанты  Миллионов Ернур кубоктармен марапатталды.
Әділ төрешілігі үшін 4 — курс курсанты Азамов Бахадур, 3 — курс курсанты Шеров Исломмиддин, 3-курс курсанты Нозуков Соман марапатталды.

Жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының оқытушысы
А. Ақылбеков