Театр – рухани жан азығы

Алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Қазақтар» тарихи драмасын тамашалады.
Туындының авторлары жазушы-драматург Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайнов, ал қоюшы режиссері Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Бұл қойылымда Қазақ хандығының қалыптасуының ауыр жолы бейнеленген. Керей, Жәнібек және Қасымхан сұлтандарының тағдырлары егжей-тегжейлі көрсетіліп, көрермендерге паш етілді.
Спектакльде ұлы хандардың рөлдерін сомдаған актерлер көрермендерге туындының барлық мазмұнын жеткізіп, жақсы әсер қалдырды.
Тыңдаушылар туындыдан өздерінің адамгершілік, Отанға деген патриоттық және рухани сезімдерін шыңдай түсті.

Оқу-саптық бөлінісінің
взвод командирі
полиция капианты
А.Т. Саламатова