Тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

Қазіргі уақытта өлкетану жұмысы оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені ол тарихи шындықты қалпына келтіруге, туған өлкенің мұрағатын жинақтауға, экспонаттарды жинауға, мұражайларды құруға және ең бастысы — ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Осыған байланысты 2020 жылы 8 ақпанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының 7  оқу тобымен полиция майоры А. Ақылбекова Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырды.

Мұражайға бару мақсатымыз тыңдаушыларға Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту және туған өлкенің тарихымен жақындастыру.
Тарихи-өлкетану мұражайы-бұл адамзаттың естелік кітабы. Мұражайда облыстың түкпір-түкпірінен әкелінген сирек кездесетін экспонаттардың мыңдаған коллекциялары жинақталған: фотоматериалдар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, археологиялық олжалар, монеталар мен қару коллекциялары және түрлі уақыттағы өзге де жәдігерлер. Шынында да, бұл естелік кітабы, өйткені оларда жиналған құжаттар мен заттар өткен жылдардың естеліктерін сақтайды. Саяхатымыз қызықты да танымды өтті.

7 топ жетекшісі
полиция майоры А. Акылбекова