Сыйға тартылған кітаптар

Кітапхана қорын толықтыру көздерінің бірі — сыйға тартылған кітаптар болып табылады.
Біздің киелі оқу орнымыздың кітапхана қоры —  Орталық Қазақстан Академиясының кезекті құнды ғылыми әдебиеттерімен толықты.
Аталған ғылыми еңбектердің авторы заң ғылымының докторы, профессор, Орталық Қазақстан Академиясының ректоры Б.Ж. Жүнісов.
«Ұлы дала Аналары-Қарқабат Ана» атты жинағына автордың ұйытқы болуымен Орталық Қазақстан академиясында 2021 жылы 21 сәуірде өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарынан туындаған көрнекті ғалымдар мен қаламгерлер, тәжірибелі ұстаздар  және жас зерттеушілердің есімі рулы елге ұран болған Қарақабат Ана туралы баяндамалары енгізілген.

«Бектің Орынбегінің шығармалары» атты жинағы белгілі қоғам және мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, журналист Беков Орынбектің өмірі туралы сыр шертеді. Сол кезеңде мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалалар мен әңгімелерді ұсынады.

В монографии Жунусова Е.Б. «Противодействие преступным посягательствам на собственность: традиционные и современные аспекты» осуществлен последовательный анализ ключевых категорий, институтов, признаков и квалификаций в рамках уголовных правонарушений против собственности.