Судьямен кездесу

Ағымдағы жылдың 07 маусымында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы және ғылыми-педагогикалық магистратураның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-2 курс магистранттары Қостанай қаласы азаматтық істер сотының судьясы Азамат Болатұлымен кездесті. Кездесудің тартысты өткендігі құқық қорғау органдары қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудың негіздемесі мәселесінің қозғанында болды. Қызу талқыға толы кездесуден ішкі істер саласының болашақ ғалымдары білімдерін толықтыра түскендігі анық.