Салауатты өмір – біздің болашағымыз!!!

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларына қазан айының 19 күні «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМҚК жоғары санатты дәрігер-дерматовенерологі Якимов Валентин Борисович бастаған дәрігерлер ұжымы дәріс оқыды.
Бұл орталық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы ерекше үлгідегі емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады, оның қызметі облыс көлемінде АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған. Орталықтың мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша өз кеңестерін береді. Сонымен қатар ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

Алғашқы кәсіби даярлық курсының
«А» взвод командирі
полиция  лейтенанты
Ж. Маделин