Практика мен теорияның ұштасуы

2020 жылдың 26 қыркүйегінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын кәсіби даярлық факультетінің 3-курсының 314-оқу тобымен өткен «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа практикалық қызметкер қатыстырылды. Ақтөбе қаласы бойынша Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.К.Зейнолла сабақ барысында курсанттармен өзінің тәжірибесімен бөлісті. Акимжан Қайратұлы ішкі істер органдарында аз ғана жыл жұмыс жасаса да, көптеген жайға қанық екенін баса айтып өтті. Практикалық қызметкер — Қостанай академиясының түлегі. Сабақ барысында курсанттар қызмет барысында кездесетін қиындықтар жайлы көп сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алды. Қонақ өз тарапынан курсанттарға ақыл, кеңестерін айтып, оқуда сәттілік тіледі.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтікжұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева