Онлайн  олимпиада 

Кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Қылмыстық процестік құқығы пәнінен «Қылмыстық процестегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру актілері» тақырыбы бойынша 3-курстың 301-304 оқу топтары арасында  «Zoom» бағдарламасы арқылы олимпиада өткізілді. Олимпиада шарты бойынша 4 қатысушыдан құралған әр команда өзара сайысқа түсті. Топ жетекшісінің таңдаған реттік нөміріне сәйкес топтың әзірлейтін актісі анықталды. Дайындалуға берілген уақыт өткеннен кейін, бір қатысушы  құжатты дауыстап оқып, басқалары ережелері мен тәртібін айтып түсіндірді. Олимпиада шартына сәйкес жауаптар толық орындалды, заңнама нормаларына, оқулықтарға сілтеме жасалды. Берілген фабулаға сәйкес толтырылған акті экранда демонстрация арқылы көрсетілді, оқылды және түсіндірілді. Команданың әр мүшесі жауап беріп, толықтырулар жасады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жақсы білім деңгейін көрсеткен белсенді курсанттар атап өтілді, 301-взводтың тобы ең үздік команда ретінде аталды.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция  майоры
Ж.К. Нурмаганбетова