Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы қызметкерімен кездесу

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курсы 303-взвод тыңдаушыларымен өткізілген тәжірибелік сабаққа «Күзет қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Қостанай облысы МКҚБ полиция және техникалық қызметі ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Абай Асқарбекұлы Әбілмалықов  қатысты.
Тәжірибелі қызметкерді сабаққа қатыстырудың басты мақсаты тыңдаушыларға теориядағы білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруына септігін тигізу болды. Сабақ барысында  өзекті мәселелер көтеріліп, шешу барысы талқыланды. Тыңдаушылар қажетті ақпараттармен танысып, алған білімдерін алдағы уақытта іс жүзінде тиімді пайдалануға уәде берді.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының
оқытушысы полиция подполковнигі Б.Ильяс