Кәсіби-бағдарлы кездесу

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2019-2021 жылдарына арналған идеологиялық және тәрбие жұмысының бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 21 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 303 оқу тобымен кураторлық сағат шеңберінде тәжірибелік қызметкермен кездесу өткізілді.
Кездесуге Қостанай қаласының Ішкі істер басқармасының аға учаскелік инспекторы полиция майоры Нұржанов Жасұлан Насырұлы шақыртылған болатын. Кураторлық сабақ барысында практикалық қызметкер курсанттарға болашақ қызметі туралы көптеген қызықты мәліметтермен бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып өтті. Келешекте төзімді,батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды.
Қорыта айтсақ, өткізілген тәжірибелік сабақта курсанттардың алған теориялық білімі нығайтылып, оқуға деген құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскені байқалды.

303 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы