Конституция – қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Конституция–Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Негізгі заңымыздың қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр.Осыған орай, Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен курсанттар үшін бірнеше іс-шара ұйымдастырған болатын. Соның бірі «Конституция — мемлекет пен қоғамның негізгі заңы» атты дәріс циклі. Дәріс барысында курсанттарға еліміздің жеткен жетістігі мен белесі Конституцияның арқасында екендігі, жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашқандығы, Конституциямызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі, бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналғандығы жайлы баяндалды. Конституция күніне арналған дәріс тақырыбына сай деректі фильм көрсетіліп, білімдері бекітілді.Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта білікті де құрметті әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтанышпен айтамыз.

Жалпы заң пәндері кафедрасының
оқытушысы, полиция майоры
С.Утегенова