Конститутцияның білгірлері

Еліміздің Конституция күнін атап өтуге байланысты Академия қабырғасында Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Конститутцияның білгірлері» атты тақырыпта кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары арасында викторинадан сайыс өткізілді.

Дәстүрге айналған іс-шара курсанттардың Конститутция туралы білімдерін пысықтай отыра, оны дәріптеу болып табылады.
Екі топқа бөлінген «Заңгер» және «Әділет» командалары 4 кезеңнен тұратын сайыста білімдерін шыңдап, жарыс қорытындысы бойынша 105 те 118 ұпаймен «Әділет» командасы жеңіске жетті.
Сайыс соңында жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды.