Жас ғалымдармен өткен салиқалы кездесу

2019 жылғы 1 қарашасында Академияның ғылыми – педагогикалық магистратурасының 1 және 2 курс магистранттарымен қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының кафедра профессоры заң ғылымдарының докторы, профессор Скаков Айдархан Байдекович кездесу өткізді.      
Кездесу барысында, қазіргі таңда еліміздің қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларында болып жатқан жаңылықтар, өзгертулер талқыланды.
Сонымен қатар, Айдархан Байдекович сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимыл заңнамасы, осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы сөз қозғады.

Ал 1 курс магистранттарымен кездесу барысында профессор, жас ғалымдарға ғылыми жұмыстың жазылу тәртібі мен ережелерін, эмперикалық материалдарды жинақтау бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кездесу барысында магистранттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, профессормен ой бөлісті.
Осындай кездесулер жас ғалымдарға өздерінің болашақ ғылым жолындағы қызметтерінде оң әсерін тигізеді деген үміттеміз.

ҚҚАҚ және К кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова