Викторина «Полиглот»

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек айында Академия қабырғасында білім алып жатқан 3-курс курсанттары қатысуымен Жастар жылына арналған викторина өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің мен тілдер кафедрасы «Полиглот» атты викторина өткізді

Викторинаның негізгі мақсаты, курсанттардың Шетел тілі пәні бойынша білімдерін жетілдіру, интеллектуалдық және щығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақ мамандықтары бойынша бағдарлау болып, курсанттар 3 тілде, олар қазақ, орыс тілі және шетел тілінде бақ сынасты.

Викторинаның I-кезеңі қатысушы командалардың өздерін таныстыруынан басталды, II-кезең «Бәйге» курсанттар қазақ, орыс және шетел тілі бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады, III-кезең «Жұмбақ» қатысушылар берілген сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді, IV-кезең «Мақалды жалғастыр», V-кезең «Сұраққа жауап бер». Викторинаның жүргізуші тілдер кафедрасыныңи аға оқытушысы отставкадағы полиция полковнигі Ескатова Г. Қ.. Сайысымыздың қарақылды қақ жарған әділқазы алқалары Академияның Күндізді және сырттай оқыту факультетінің бастығы полиця полковнигі Құлжанова Г. Т., факультеттің аға оқытушы-әдіскер полиция подполковнигі Әкімжанов Е. С., тілдер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кинжебаева Л.Т. және тілдер кафедрасының оқытушысы Тұргынова А. М.Жарысымыз 4 топтан құралды, олар:

1.«Бүркіт»;

2.«Интернационалдық отбасы»;

3.«Болашақ офицерлер»;

4.«Генералдар».

Викторинаға қатысушы курсанттар тапқырлықтарымен қатар, ұшқыр ойларын жоғары дәрежеде көрсете білді. Барлық курсанттар сайысқа белсене қатысты. Қорытынды шығара отырып, курсанттар түрлі сайыстарға қатысуға үлкен құлшыныс білдірді. Оқытушылар мен курсанттар арасында бірлесіп танымдық қызметтері адамгершілік қарым-қатынастардың тууына және танымдық белсенділіктің қалыптасуына көмектеседі.

Полиция қатарындағы

3-курс курсанты

Г. Максетова