Бар мейіріміміз балаларға

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге байланысты бүгін Академия қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай  академиясының 50 жылдығына арналып, «Жасөспірімдерге арналған Полиция академиясы» жобасы аясында  Академия аумағында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерге арналған іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты балалардың дүниетанымын кеңейту, өмірге деген құштарлығын ояту және елінің патриоты болуға тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра отырып,  көтеріңкі көңіл күй сыйлау болып табылады.

Осы негізде Академия қызметкерлері жасөспірімдермен психологиялық тренингтер,  әртүрлі бағыттағы ойындар  өткізді. Балалардың дүниетанымын ашу жолында Академия музейі таныстырылып,  спорт кешенінде жекпе-жектен шеберлік сағаты өтіп, атыс тирі сондай-ақ аумақтағы оқу полигоны көрсетілді.
Жасөспірімдердің бүгінгі күннен ерекше әсер алғандарын жүздерінен-ақ байқауға болады. Шара соңында балаларға мерекелік үстел ұйымдастырылды. Бұл күн олардың санасын жақсы жаққа бет бұруға оң әсерін тигізді деп білеміз.

ІСКБ