«Ауғанстан: ұмытылмау құқығына ие!»

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Мәдениет университеті» жұмысы шеңберінде, арнайы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының бойына руханилық, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін дарыту, сонымен қатар адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында 2020 жылғы 15 ақпанында Кеңес үкіметі әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына  31 жыл толуына орай «Жауынгерлік парақшасы» сайысы өткізілді.
Арнайы кәсіби оқыту курсының тыңдаушылары оқу взводтары болып бөлініп, «Ауғанстан: ұмытылмау құқығына ие!» тақырыбында жауынгерлік парақшаларға 1979-1989 жылдары Ауғанстанда болған жағдайларды суреттеп салды.

Қазақстан мемлекеті Ауғанстан жеріндегі соғысқа қатысқан ардагерлерге және сол соғыста қаза тапқан жауынгерлерге әр уақытта сыйластықпен қарап, құрмет тұтады. Осы қиын-қыстау уақытта Ауғанстан соғысының жауынгерлері жасаған ерлік еш уақытта ұмытылмай, болашақ полиция қызметкерлерінің естерінде мәңгі сақталуы тиіс.
Осындай форматта өткізілетін іс-шаралар бүгінгі тыңдаушы, ертеңгі полиция қызметкерлерінің бойына сіңіретін, қызметтеріне деген көз-қарастарын кеңейтетін мол тәрбиелік мағынаны көздейді.

 
Взвод командирі
полиция капитаны                                                                      
А. Дуйсенбаева