Алғашқы офицерлік погондар берілді

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлектері оқу орнында төрт жыл жоғары кәсіби білім алып, міндет пен абыройдың, әділеттілік пен қайраттылықтың, нағыз достық, кішіпейілділік пен бір-біріне қолдау көрсетудің құнды сабақтарын иеленеді. Білім ордасындағы әр курсанттың өміріндегі алғашқы тарихи оқиға, бұл алғашқы «полиция лейтенанты» офицерлік шенін алу.  Бүгін міне,  Астана күнін мерекелеу қарсаңына орай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев өз қолымен алғашқы лейтенант погондарын ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының үздік түлектері Ерлан Тыржановқа және Томила Рассказоваға табыс етті. ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы және профессорлық-оқытушылық құрамы түлектерімізді алғашқы офицерлік шенін алуымен құттықтап, ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарып, биіктерге самғап, тәуелсіз еліміздің мерейін арттыратын жетістіктер мен жеңістер тілейді. Біздің түлектер әрқашанда биіктен қөрініп, алған білімдерін дұрыс қолданып, даңқты генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың ісін әрі қарай жалғастырып, еліміздің абыройлы, қырағы тәртіп сақшысы болатындарына кәміл сенімдіміз. Қашан да жолдарыңыз ашық болсын!