АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

2020 жылдың 27 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы басқару академиясы базасында «Адам құқықтары саласындағы халықаралық заңнаманы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге қолдану» атты бейнебайланыс семинар өткізілді. Семинардың спикерлері Ұлыбританиялық заңгер Кристи Бармелоу мен қазақстандық қорғаушы Айман Умарова болды.
Семинардың жұмысына «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдер, Республика бойынша ІІД басшылары, қорғаушылар, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы» клубының мүшелері қатысты.
Аталған семинар барысында адам құқықтары саласындағы халықаралық заңнама, халықаралық деңгейде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, мемлекеттердегі жемқорлықты қабылдау рейтингі, БҰҰ жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Семинарға қатысушылардың тараптарынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік туды.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З. Суйеубаева