Адам құқығының өзектілігі

Адам құқығы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің полиция қызметкерлерін дайындау оқу орнында қаралуының өзі үлкен белестерді бағындырудың бірі. Себебі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қорғау полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Осы орайда Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы Қостанай облысы филиалының директоры, ҰАТ облыстық мүшесі Махаббат Ахметбекова ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранттарына Адам құқығының жалпы теориясы пәні бойынша дәріс сабағын өткізді.

ЖЗП кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция майоры
М. Смагулов