Абыройлы қызмет

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында еңбек жолының жемісті жылдарын өткізген Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ахан Жақыпбекұлы Нурушевты Академия ұжымы жаңа қызметке салтанатты түрде шығарып салды.
Ахан Жақыпбекұлы Қостанай академиясы бастығының орынбасары қызметіне 2015 жылдың қыркүйек айында келді. Осы жылдар аралығында өзінің қажырлы еңбегінің арқасында ортасына сыйлы азаматқа айналды. Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов: «Бүгін ұжымымыздың беделді мүшесі, әріптесіміз Ахан Жақыпбекұлын лауазымының жоғарылауымен шын жүректен құттықтаймын! Білікті мамандар даярлауға қосқан зор үлесі үшін шексіз алғыс білдіремін!», – деп Академия ұжымының атынан құттықтап, «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгісімен марапаттады.
Өз кезегінде, Ахан Жақыпбекұлы: «Академияға жаңадан келгенімде ұжым мені жылы қарсы алды. Осы өткен бес жылдан астам уақыт ішінде Академияның алға жылжуына бәріміз бірге атсалыстық. Сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Мен енді нағыз қостанайлықпын», – деп Академия бастығы мен әріптестеріне жылы лебізін айтты.
Шара соңында, Ахан Жақыпбекұлының қызметінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, әріптестері жаңа лауазымына сәттілік тіледі.