Жас қаламгер — курсанттар! 04.11.2019 ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалындаған жігері бар, жас кезінен бастап өнерімен көзге түсіп, ақындық өнердің жолын қуып, танымал болып жүрген күндізгі оқыту факультетінің 4-курс курсанты полиция кіші сержанты Әділ Ілиястың, полиция қатарындағы 3-курс курсанты Лашын Ерболаттың, полиция қатарындағы 2-курс курсанты Аида Бакбаеваның жүректен шыққан бірқатар өлеңдері «Жас керуен» кітабында жарық көрді. Жас қаламгер курсанттарымыз ағымдағы жылдың 01 қарашасында «Қазақстан-Қостанай» телеканалының «Тобыл таңы» бағдарламасында сөз сөйлеп, жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Жас қаламгерлерімізге шығармашылық табыс, болашақта кәсіби білікті тәртіп сақшысы болуларына тілектеспіз!